0:00 / 0:00
Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде жаппай ішек инфекциясы тіркелді. 12-14 қазан аралығында 48 оқушы ауруханаға жеткізілген. Тағы сегіз бала интернатта оқшауланып, дәрігерлердің бақылауында. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы тұрақты, реанимациялық көмекке мұқтаж балалар жоқ. Тексеру барысында асханадағы азық-түлікті сақтау, дайын тағамнан тәуліктік сынама алу және тамақтандыруды ұйымдастыру талаптарының бұзылғаны анықталды. Осыған байланысты мектеп пен асхананың жұмысы уақытша тоқтатылған. Мамандар су мен тағам өнімдерінен сынама алып, зертханалық зерттеулер жүргізуде. Тексеру материалдары құқық қорғау органдарына жолданған. Инфекцияның нақты себебі әзірге белгісіз.







