0:00 / 0:00
Шетелде тұратын қазақ диаспорасы өкілдері Оралда бас қосты. Дәстүрлі «Алтын көпір» халықаралық фестивалі аясындағы форумда ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту және қандастармен байланысты нығайту мәселелері талқыланды. Форумға қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жаңа шығармашылық және мәдени жобаларды жүзеге асырудың бағыттарын ортаға салды.










