0:00 / 0:00
2025 жылдан бастап Қазақстан мектептерінде оқушыларды тамақтандыруға қойылатын жаңа стандарт енгізілді. Құжатта ас мәзірінің құрамы, тағамның құнарлылығы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар күшейтілген. Батыс Қазақстан облысында да жаңа оқу жылынан бастап осы талаптарға сәйкес ыстық тамақ ұйымдастырылуда.










