0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облыстық соты мен Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы ұйымдастырған конференцияға Жоғарғы Соттың судьясы Досжан Әмір, облыс әкімі Нариман Төреғалиев, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының заң саласындағы ғалымдары қатысты. Жиында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану мәселелері сөз болды. Басты міндет - мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтіп, сот ісін қазақ тілінде жүргізуге қажетті жағдай қалыптастыру.










