0:00 / 0:00
«Мерейлі отбасы - 2026» ұлттық байқауының қалалық кезеңінде үздіктер анықталып, салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараны Орал қаласының ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, «Заман» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Аталмыш ұлттық байқау Қазақстанда отбасы институтын нығайтуға, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеуге, өнегелі отбасының қоғамдағы беделін арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік жоба.










